×

Алматыда 25 жыл өмір сүрген жираф өлді

Жалпы жабайы табиғатта керіктер шамамен 20 жыл өмір сүреді

Алматыда 25 жыл өмір сүрген жираф өлді
Фото: instagram.com/almatyzoo

Алматы хайуанаттар бағында 25 жыл өмір сүрген Хан есімді керік (жираф) көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бойы 5 метрге жуық қарт жануар қаладағы зообақта 25 жыл өмір сүрді (адам өмірімен есептегенде бұл 95 жасқа тең). Жалпы жабайы табиғатта керіктер шамамен 20 жыл өмір сүреді және бұл жастан асатындары сирек кездеседі. Бұл туралы Алматы зообағының баспасөз қызметі мәлім етті.

Хан Алматы хайуанаттар бағына Оңтүстік Африка Республикасынан әкелінген. Ол жергілікті ауа-райына, осындағы ортаға тез бейімделіп, келушілердің сүйікті жануарына айналды, - деп хабарлады зообақ.

Ширек ғасыр ішінде Алматы зообағында Ханның 12 ұрпағы дүниеге келді.

Қазір Ханнан туған Батыр, Ханзада және Сұлтан атты кішкентай керіктер зообақ қызметкерлерінің қамқорлығында және келушілерді қуантып жүр. Ал Ханның басқа құлындары Мәскеу, Краснодар өлкесі, Шымкент, Ташкент, Ақтөбе, Ферғана хайуанаттар бағына берілген. Хан – жағымды әрі жұмсақ мінезімен, ерекше көркімен ең танымал және сүйкімді жануарларымыздың бірі болды, сондай-ақ зообақ қызметкерлерінің және барша келушілердің есінде қалады, - делінген хабарламада.

Зообақтың мәліметінше, Хан соңғы кездері өзін сергек сезінген, тәбеті де жақсы болған. Жем-шөбін де толық жеп тауысып жүрген. Алайда қарттығына байланысты аздап буындары ауырған.

Хан кешкісін өте белсенді болды. Өзіне берілген жем-шөбін тауысып жеді. Аздап ақсап жүретін. Таңға жуық ол жерге жатып қалды. Әдетте, керіктер толық денесімен жерге жатпайды. Керік үшін 25 жас – адамның 95 жасындай болады. Біз оны бәріміз жақсы көрдік, келушілер де оны жақсы көретін. Ұзақ жылдар бойы Ханға қамқорлық көрсетіп, күтім жасаған барлық қызметкерлерге алғыс айтамыз. – деді, «Тұяқты жануарлар» секциясының меңгерушісі Балабек Махатов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Күзетшілер мен қызметкерлер көмектескен": Қызылордадағы мұнай ұрлығы
Бүгін, 09:49

"Күзетшілер мен қызметкерлер көмектескен": Қызылордадағы мұнай ұрлығы

Кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 млн теңгеден асады
Ол аляқтық жолмен жалған хабарландырулар жасап оларға 205 мың доллар шығын келтірген
Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жеткен
Пункттің қуаты — тәулігіне 1200 текше метрге дейін қарды ерітеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →