×

СҚО-да сүтке бөлінген субсидияға Land Cruiser сатып алған кім

Өңірде сүт өнімдеріне 50 млн теңге заңсыз субсидия берілген

СҚО-да сүтке бөлінген субсидияға Land Cruiser сатып алған кім
Сурет: ҚМА

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысының 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алу  схемасын анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“СҚО Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысы өндірістік кооперативінің басшысы 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алған. Өндірістік шығындарды растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген. Нәтижесінде сот сүт жеткізу мәмілелерін заңсыз деп таныды.Қаржылық тергеу нәтижесінде, заңсыз алынған субсидияларға күдікті «TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150» маркалы автокөлік сатып алғаны анықталды, ол мүмкін болатын тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамға рәсімделген. Соттың санкциясымен аталған автокөлікке тыйым салынды”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Күдіктіге қатысты сот 2 айға «қамауға алу» түрінде бұлтартпау шарасын тағайындаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жедел жәрдемге орнатылған "Сергек" 8 мыңнан аса заң бұзушылықты тіркеді
Бүгін, 09:10

Жедел жәрдемге орнатылған "Сергек" 8 мыңнан аса заң бұзушылықты тіркеді

Орнатылған камералар түнде, кез келген ауа райында, байланыс болмаған жағдайда да жол ережесін бұзуды анықтай алады
Өткен жылы бұл компаниялар ел қазынасына 5,9 трлн теңге аударған
Тасқын қаупі анықталса 2-3 тәулік бұрын ескертіледі
Ескерткіштің ашылу салтанаты 2026 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →