×

"Компьютер клубы емес казино": Маңғыстаудағы заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырғандар әшкереленді

 Қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асып кеткен

"Компьютер клубы емес казино": Маңғыстаудағы заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырғандар әшкереленді
Сурет: Бейнеден кадр

 Маңғыстау облысында 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып, заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР  Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып, кейін олар арнайы платформада тіркеліп, ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан. Қылмыстық топтың жалпы табысы 77 млн теңгеден асты. Күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 млн теңгеге екі автокөлік – «Toyota Land Cruiser» және «Mersedes-Benz 320» сатып алған. Сот үкімімен олар 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →