×

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек

БҰҰ-ның деректері бойынша, жалпы шығын көлемі 100 млрд доллардан асып отыр

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек
Ашық дереккөздерден

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын барысында айтылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Швецияның Премьер-министрі Ульф Кристерссонның айтуынша, Түркиядағы апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету маңызды, үйсіз-күйсіз қалған, ертеңгі күнге үмітін жоғалтқан жұртқа  бұл жәрдем ауадай қажет.

 Бұған қоса, Еуропа зілзаладан кейін апатты аймақтарға  1500-ден астам құтқарушы жібергені белгілі болды. Дегенмен, Еуроодақ Түркияда адам құқықтары жеткілікті деңгейде сақталмайды деп айып тағуда.

Айта кетейік, Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 56 мыңнан асқан. БҰҰ-ның деректері бойынша, жалпы шығын көлемі 100 млрд доллардан асып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →