×

АҚШ-тың Бас консулы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады - видео

Бейнеқұттықтау Консулдықта өткен Наурыз мерекесінде жолданды

АҚШ-тың Бас консулы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады - видео
Видеодан кадр

Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж ханым қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

«Құрметті достар, Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа молшылық, амандық, бейбіт өмір әкелсін! Баршаңызға Наурызда айтылатын тілекті айтқым келеді. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» - деді жүрекжарды тілегін қазақ тілінде жеткізген Бас консул.

Шаңырақ, домбыра, сәукеле сияқты атрибуттар қойылған ұлттық бұрышта қазақтың шапанын киген Кэролайн ханым бейнеқұттықтауын Консулдықта өткен Наурыз мерекесінде жолдады.

Айта кетейік, Кэролайн Сэвидж - қазақ тілін Қазақстанға келер алдында оқып-үйренген АҚШ-тың алғашқы Бас консулы.

Өзінің айтуынша, Қазақстан халқымен байланысын тереңдетіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін қолдану мақсатында осы қызметке дайындалу кезінде қазақ тілін аса қызығушылықпен оқыған.

Бас консул Сэвидж АҚШ Мемлекеттік департаменттегі қызметін 2004 жылы бастаған. АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы болып тағайындалғанға дейін ол Вашингтонда орналасқан Жаһандық қоғаммен байланыс бюросының Шетелдік БАҚ өкілдері орталығын басқарған.

Вашингтонда қызмет еткен жылдары Сэвидж ханым Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия бөлімінің басшысы және Ресей бөлімінде Саяси, әскери және сыртқы істер кеңесшісі, сондай-ақ Джорджтаун Университеті Дипломатияны зерттеу институтының Вирджиния және Дин Раск атындағы стипендия иегері және зерттеуші болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев пен Байжанов Нүкенованың денесін жасырмақ болған – прокурор
Бүгін, 12:33

Бишімбаев пен Байжанов Нүкенованың денесін жасырмақ болған – прокурор

Астанада экс-министр Бишімбаев пен оның туысы Байжановқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →