×

Шығыс Қазақстанда төрт бұланды атып алған браконьерлер ұсталды - видео

Бұландардың басын, терісін, ішек-қарнын, сирақтарын тапты

Шығыс Қазақстанда төрт бұланды атып алған браконьерлер ұсталды - видео
vetandlife.ru

Шығыс Қазақстанда 4 бұланды атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Рейд кезінде "Охотзоопром" кәсіпорнының қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының орманшыларымен, табиғатты қорғау полицейлерімен бірлесіп, бұзылып қалған қар кешкішті (снегоход), бұландардың басын, терісін, ішек-қарнын, сирақтарын тапты.
Өлтірілген жануарлардың ішінде екі буаз аналық бар.
"Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Онда миллиондаған доллар айыппұл салу немесе 5 жылға дейін, кейбір жағдайларда 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →