×

Желідегі зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жайлы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі

Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге өтпеуге кеңес береді

Желідегі зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жайлы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі
Ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы оны 30-50%-ға арттыру мүмкін екендігі туралы ақпаратқа қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы оны 30-50%-ға арттыру туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Әрі бұл ақпаратта интернет-алаяқтық белгілері барын нақтылайды.

Айта кетсек таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды.

"Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге өтпеуге, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз. Ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз", – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ құзырлы ведомство жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын еске салады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →