×

Табиғи байлықтың емес, адам капиталының маңызы артқан дәуірге қадам бастық

Мемлекет басшысы Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесті

Табиғи байлықтың емес, адам капиталының маңызы артқан дәуірге қадам бастық
Gov.kz

Президент Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуінде олардың сөзін зейін қойып тыңдағанын  атап өтіп, ұсынылған барлық маңызды ғылыми жобалар мен технологиялық стартаптардың ел үшін мәні зор екенін айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Алматы еліміздің ғылым мен білім ордаларының бірі  екенін  атап өтті.

“Әйгілі Қаныш Сәтбаев осы қалада Ғылым академиясының негізін қалаған. Көптеген ғалымдарымыз Академия қабырғасында қазақ ғылымын дамытуға орасан зор үлес қосты. Аға буынның абыройлы жолы лайықты жалғасын табуға тиіс”, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазір әлемдегі ең қымбат әрі капиталы мол компаниялар финтех, жасанды интеллект, IT және басқа да озық технологияға негізделген өнім шығаратынына, қызмет көрсететініне тоқталды.

“Олар әлемнің үздік инженерлерін өз елдеріне шақырып жатыр. Себеп – біреу, ғылым алып индустрияға айналды. Бұл сала бүкіл экономиканы жаңа деңгейге көтеретін сектор ретінде қалыптасып келеді. Біз осы әлемдік үрдістен шет қалмауымыз керек. Еліміз талай жыл бойы негізінен мұнайға арқа сүйеп келді. Бірақ қазір – заман басқа. Табиғи байлықтың емес, адам капиталының маңызы артқан дәуірге қадам бастық”, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы әрі қолжетімді білім беру ісін дамыту мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, еліміз соңғы жылдары бұл бағытта едәуір ілгеріледі.

“Білім беру ісі талапқа сай келмеген бірқатар жоғары оқу орны мен колледж жабылды. Бұл жұмыс жалғасын табуға тиіс. Осы бағытта ешкімге жеңілдік жасалмайды. Өйткені елімізге диплом тарататын мекемелер емес, бәсекеге қабілетті оқу орындары керек. Қоғамымызда диплом емес, білім культке айналуға тиіс”, – деді Президент.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сапалы білім алу адамды қоғамдық ортаға бейімдейтін, оның бойына ізгі құндылықтар мен мінез-құлық нормаларын сіңіретін маңызды институт екенін айтты.

“Біздің студенттеріміз бен жас ғалымдарымыз реформаларға қолдау білдіріп, өзгерістерге сенетіні сөзсіз. Біз бұл өзгерістердің бәрін еліміздің келешегі  – бүгінгі және ертеңгі жастар үшін жасап отырмыз. Біз мемлекет пен қоғам дамуының жаңа бағыт-бағдарын тек бірге айқындай аламыз”, –деді Президент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Бүгін, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →