×

Қарағандыда орталық саябақ су астында қалды

Жер бетіндегі су сорып алынды, құбыр арқылы су беру тоқтатылды

Қарағандыда орталық саябақ су астында қалды
Сурет: unsplash

17 сәуірде Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағындағы су құбыры жарылып, апат орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Апатқа байланысты саябақ су астында қалды.

"17 сәуірде екі кіші көлдің ортасында орналасқан Орталық мәдениет және дамалыс саябағы судың астында қалды. Оның жанынан 2016 жылы салынған, диаметрі 800 мм-ді құрайтын полиэтилен құбырларынан тұратын магистральды су құбыры өтеді. Құбыр Михайловка, Б.Жырау, Ержанов, Газалиев көшелері мен Ақтас ауылы тұтынушыларына су беруді қамтамасыз етеді. Төтенше жағдай бригадасы болжамды апат орнына шұғыл жетіп, сағат 11:20-да аталған құбыр арқылы су беруді тоқтатты", – деді"Қарағанды су" ЖШС.

Жер бетіндегі су сорып алынды, құбыр арқылы су беру тоқтатылды, бірақ аз мөлшерде (сағатына шамамен 30 текше метр) мұнда су келіп жатыр. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →