×

Кентауда ер адам кәмелетке толмаған қызды соққыға жықты

Күдікті қамауға алынды

Кентауда ер адам кәмелетке толмаған қызды соққыға жықты
instagram/kris.p.kentau.official

26 сәуір күні сағат 23:15 шамасында Кентау қалалық полиция бөліміне ауруханадан кәмелетке толмаған қыз баланың дене жарақатымен түскені туралы хабар жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында, яғни сағат 20:30-дар шамасында аулада ойнап жүрген қызды белгісіз біреу себепсіз ұрғаны анықталды. Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба табылды. Оның негізінде күдіктінің кім екені белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі «бұзақылық» бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша қайта сараланды. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

«Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Жәбірленушінің жағдайы бірқалыпты. Қылмыстық іс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында»,- делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →