×

"Емтихан материалдары сатылады": Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілі түсініктеме берді

"Емтихан материалдары сатылады": Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілі түсініктеме берді
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

"Назарбаев зияткерлік мектептері" автономды білім ұйымының басшысы Әнуар Жанғозин әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Соңғы кезде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Назарбаев зияткерлік мектептерінің" түлектері тапсыратын емтихан материалдары сатылатыны туралы хабарламалар тарап жатыр.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін атап өткім келеді. Біздің мектептерде оқушыларды бағалау рәсімдерін өткізуге арналған кез келген емтихан материалдары халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленеді. Емтихан материалдарын әзірлеу кезінде құпиялылық және ақпараттық қауіпсіздік шаралары сақталады, бұл өз кезегінде материалдардың таралып кетпеуін қамтамасыз етеді", – дейді Жанғозин.

 

Білім ұйымының басшысы оқушыларыға білім беру кезінде адалдық пен ашықтық принциптері қатаң ұстанатынын да жеткізді.

"Сондай-ақ мұндай әрекеттер біздің ережелерді өрескел бұзу ретінде қарастырылатынын, оқу орнынан/жұмыстан дереу шығаруға және кейіннен заңнамалық деңгейде жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін екенін атап өткім келеді", – деп атап көрсетті Жанғозин.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған
Бүгін, 10:44

«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған

Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →