×

Тұрғындар «Ұмай» ипотекасының жылдам аяқталғанына ашулы

Тұрғындар соңғы уақытта үкіметтік бағдарламаларға тапсыру, жарыс секілді болып кеткенін айтып шағымданды

Тұрғындар «Ұмай» ипотекасының жылдам аяқталғанына ашулы
Фото: newsroom.kz

Бүгін «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталды. Дегенмен бағдарламаға өтініш беру түске дейін толып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Осы орайда, бағдарламаның оң тұстары мен олқылықтарына байналысты сарапшылардың пікірін біліп, өтінім беріп үлгермеген аналардың шағымына құлақ астық.

“Мен бүгін Отбасы банкке барған едім. Сағат 12:30 да бағдарлама жабық деп қайтарып жіберді. Бағдарлама таңғы 09.00-де ашылып, үш сағатта қалай толып кетеді? Сонда кімдер алып үлгерді. Осыны түсінбей дал болдым. Банкте кезек күткен азаматтардың қарасы өте көп. Бәріміз құжаттарымызды тапсыра алмай сандалып қалдық”, – дейді қала тұрғыны Гаухар Ілясова.

Қаржы сарапшысы Айбар Олжаевтың пікірінше ипотеканың тиімді тұстары жетерлік.

“Менің ойымша «Ұмай» ипотекасы тиімді. Себебі оның ставкасы 14% Ал бізде базалық ставка 16,75%. Баніктікі орта есеппен 21-22% болады. Сондықтан базалық ставкадан төменгі кез-келген ипотека тиімді. Одан бөлек ипотеканың сомасы өте жақсы 30 15,6 млрд теңге. Қысқарған, шектелген лимит жоқ. Алғашқы жарнасы да өте қолжетімді. Азаматтарға өте ыңғайлы ипотека. Бұл ипотекаға сұраныс жоғары екенін естіп жатырмын”, – дейді Айбар Олажев.

Тұрғындар соңғы уақытта үкіметтік бағдарламаларға тапсыру, жарыс секілді болып кеткенін айтып шағымданды.

“Біздің елімізде 19 млн адам емес, 180 млн адам тұратын секілді. Халықтың басым көпшілігінде үй жоқ. Ауылды мекендерде жұмыс жоқ. Бәрі қалаға қарай көшеді. Алматы қаласында тұрып жатқанымызға 20 жылдан астам уақыт өтті. Әлі күнге үй ала-алмай жүрміз. Өзім жалғыз басты анамын. Екі бірдей ұл тәрбиелеп отырымын. Әлі күнге жалдамалы пәтерде тқрып жатырмыз. Соңғы уақытта барлығы жарыс секілді болып кетті. 4%-пен көлік алу 18 секундта жабылған еді. Енді «Ұмай» ипотекасына өтініш беріп үлгермедік. Балаларымызды тегін қосымшаға жазу кезінде де сайттан қателік шығып, келесі күні балалардың толып кетекені жайлы хабар шықты. Тиімді бағдарламаға қатысу үшін бәріміз жанталасуымыз қажет секілді”, – дейді Бақыт Тұрғынбай есімді қала тұрғыны.

Аталған жағдайдың мән-жайын сұрап «Отбасы банктің» бөлімшесіне хабарластық.

“Өтініштер онлайн және офлайн қабылданды. Азаматтар кезекпен тұрып құжаттарын тапсырды. 15,6 млрд қаржы игерлгендіктен бағдарлама жабылды. Алдағы уақытта қанша адамның құжаты қабылданғаны жайлы ақпарат шығады”, – деп хабарлады «Отбасы банкте».

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →