×

Маңғыстау облысының шекарасы өзгереді

Қаулы жобасын талқылау мерзімі – 24 мамырға дейін

Маңғыстау облысының шекарасы өзгереді
Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысының жер көлемі ұлғаяды. Облыс аумағына Каспий теңізі акваториясына дейінгі 722 мың гектар жерді қосу жоспарланып отыр деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Маңғыстау облысының жер көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы ауданы 721940,2365 гектар жер облыс аумағына қосылмақ. Сәйкесінше, Маңғыстау облысының шекарасы да өзгереді.

Облыс әкімдігі әзірлеген түсіндірме жазбаға сәйкес, мұндай тапсырманы Үкімет басшысы тура бір жыл бұрын Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында берген.

Қаулы жобасын талқылау мерзімі – 24 мамырға дейін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →