×

ҚазАвтоЖол: Жол пайдалану учаскелері басшыларының жұмысында заңсыздық анықталды

Анықталған фактілер бойынша құзыретті органдар да қосымша хабардар етіледі

ҚазАвтоЖол: Жол пайдалану учаскелері басшыларының жұмысында заңсыздық анықталды
ҚазАвтоЖол

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ ішкі аудит қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп барлық жол пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі тексеріс барысында бірқатар жол пайдалану учаскелері басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды. Тексеріс толық аяқталып, анықталған фактілер расталған жағдайда, жол пайдалану учаскелері басшыларына Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес шара қабылданады.

Анықталған фактілер бойынша құзыретті органдар да қосымша хабардар етіледі.

Ішкі тексеріс төмендегі тармақтарды қамтиды:

  • өндірістік құжаттаманы рәсімдеу;
  • жанар-жағар майды есептен шығару;
  • жол парақтарын рәсімдеу;
  • жол пайдалану учаскелері басшыларының қызметкерлердің еңбек пен орындаушылық тәртібін қадағалауы;
  • күнделікті жұмысқа еш қатысы жоқ мамандарды тіркеу фактілері және тағы басқа.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →