×

Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі қазақ тілінде сөйледі

Достыққа, өзара сенім мен конструктивтікке негізделген әріптестікті дамыту қажет

Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі қазақ тілінде сөйледі
koreaherald.com

Бүгін елімізге Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі Пак Чжин елімізге іссапармен келді. Ол ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесу барысында  қазақ тілінде сөйледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ең алдымен Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мырзаға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне алғыс білдіремін. Қазақстанға ресми сапармен келуіме себепші болып, елге шақырғаны үшін, мені және Корея делегациясын жылы лебізбен қарсы алып, шынайы ықыласпен қабылдағаны үшін шын жүректен рахметімді айтамын. Екіжақты қарым-қатынастардың жаңа 30 жылдығының бірінші жылында Қазақстанға келгенім үшін Нұртілеу мырзамен бірге екі ел арасындағы «стратегиялық серіктестікті» күшейту жөніндегі шараларды егжей-тегжейлі талқылай алғанымыз үшін қуанышым шексіз», - деді Пак Чжин.

Ал Мұрат Нұртілеу өз кезегінде осыдан 86 жыл бұрын елімізге келген корейліктердің 119 мыңнан астам ұрпағы қазіргі таңда біздің қоғамның ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

«Тәуелсіздігіміз бен дамуымызға бір кісідей атсалысып жүрген белсенді азаматтар. Осының бәрі Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы достық пен стратегиялық әріптестіктің іргетасын нығайтуға септігін тигізуде. Осы орайда, министр Пак Жинге және Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің делегациясына елімізге ресми сапармен келгені үшін тағы да алғыс айтамын. Оңтүстік Кореямен достыққа, өзара сенім мен конструктивтікке негізделген әріптестікті дамыту – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі», - деді Сыртқы істер министрі.

Енді Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.
Сондай-ақ келесі жылы Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль елімізге ресми сапармен келеді

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →