×

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында «Жас мамандар» кеңесінің алғашқы бас қосты

Кеңеске 40 адам кірді

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында «Жас мамандар» кеңесінің алғашқы бас қосты

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында «Жас мамандар» кеңесінің алғашқы бас қосуы өтті. Мұндай кеңестің мақсаты – әр аймақтағы филиалдарда еңбек етіп жүрген жастардың басын қосу, мансабының жоғарлауына жағдай жасау, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сонымен қатар, салаға қажетті кадр дайындау. Себебі еліміз бойынша еңбек нарығында жолшы, инженерлер, зертханалық жұмыспен айналысатын мамандар тапшы. 

«Бұл үлкен проект болып саналады. Биыл жас мамандар кеңесі құрылды. Республика көлемінде. Кеңеске 40 адам кірді. Әр қаладан әр облыстан жастарымыз жиналып жатыр. Кеңестің мақсаты - өз ортамыздан маман дайындау», - деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК адами ресурстар қызметінің басшысы Әсем Қали. 

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК адами ресурстар қызметінің басшысы Әсем Қалидың сөзінше, автожол саласында кадр дайындайтын оқу орындары елімізде жеткілікті. Өкініштісі, түлектердің басым көпшілігі мұндай мамандықтарға түсуге құлық танытпайды. Бүгінгі республикалық семинар-тренинг қызметкерлердің жұмыста маман ретінде ғана емес, жеке дамуына да үлкен мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Айта кетейік, кеңеске еліміздің 17 өңірінен жас қызметкерлер жиналып, өзара пікір алмасты. Мұндай жиындар алдағы уақытта еліміздің басқа қалаларында да жалғасын табады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →