×

Ресейдің Қазақстандағы елшісі: қазақстандықтар алға қадам басуы үшін екі тілді қатар білуі керек

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің сұхбаты шықты

Ресейдің Қазақстандағы елшісі: қазақстандықтар алға қадам басуы үшін екі тілді қатар білуі керек
© Sputnik / Владислав Воднев

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Россия сегодня" агенттігіне Ресей мен Қазақстан арасындағы жағдайды айқындайтын сұхбат берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы "Студия 7" телеграм арнасы жазды.

Ол өз сұхбатында Путин мен Тоқаевтың өзара қарым-қатынасы, Қазақстандағы ұлтшылдық тенденциялары және Ұжымдық батыстың Қазақстанға "хаос" тудыруға тырысып жатқаны туралы айтқан.

Елшінің сұхбатта айтқан басты мәлімдемелерін ұсынамыз: 

"Тоқаев пен Путин – бір дәуірдің адамдары, олар әлемдегі, аймақтағы, ТМД кеңістігіндегі жағдайды жақсы түсінеді. Олардың өмірге деген көзқарастары мен ұстанымдары өте жақын.

Росатом Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісімшартқа қол жеткізіп жатыр.

АҚШ бірнеше жыл бұрын Қазақстанның әуе кеңістігінде жауынгерлік авиацияның ұшу құқығы берілуін талап еткен болатын. Бұл нені білдірді? Қазақстан аспанында американдық бомбалаушылар, шабуылдаушы ұшақтар, истребительдер, барлау авиациясы және т.б. пайда болады деген сөз еді. Бұл біз үшін, біздің стратегиялық тұрғыдан әуе кеңістігіміз бен қару-жарағымыз үшін өте үлкен қауіп төндірер еді. Мен тіпті АҚШ-тың стратегиялық зымырандарының соққы жасау әлеуеті болар еді деп айтар едім. Бірақ бұл болған жоқ. Өйткені,  Қазақстан бұған ең қатаң және қатал түрде жауап беріп, бас тартқан болатын. 

Бірнеше жыл бұрын Қазақстан НАТО-мен ынтымақтастықта болған. НАТО қазақстандық Қарулы Күштермен бірге Қазақстан аумағында "дала бүркіті" әскери жаттығуларын өткізді. Бұл жерде БҰҰ бітімгершілік Күштерінде қызмет ету үшін бітімгерлерді даярлау туралы мақсат болған. Бірақ шын мәнінде, біздің қазақстандық достарымыз көз жеткізгендей, олардың мақсаттары сәл өзгеше болған екен. Біздің өтінішімізден кейін Қазақстан осы оқу-жаттығуларды өз аумағында өткізуден бас тартты. Ендігі уақытта "Дала бүркіті" Қазақстанда ұшпайды. Егер солай болу керек болса, демек ұшпайды деген сөз.

Орталық Азия аймағында барлық қиындықтарға, қақтығыстарға қарамастан, кейбір жерлерде тіпті атыс болып жатқанын байқасақ та бұл аймақта  бір орталыққа шоғырландыру процесі жүріп жатыр. Бір орталыққа шоғырланған жақсы. Ең бастысы, оқшаулану болмау керек. Оның ішінде бірінші кезекте Ресейден.

Қазақстан бұдан былай АҚШ-пен биоқауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтаспайды. Бұл біздің шекарамыздың периметрі бойынша орналасқан зертханаларға қатысты болып отыр. Грузия мен Украинадағы жағдай сияқты АҚШ пен Қазақстан арасындағы мұндай ынтымақтастық тоқтатылды.

Қазақстан Украинаға қару-жарақ пен әскери техниканы сатуына жол бермеу үшін барлық олқылықтардың алдын алып, сыртқа шығару жолдарын, делдал компаниялардың мүмкіншілігін жауып тастадық. Қазақстаннан ВВТ экспортына мораторий қойылды. Және бұл өте мұқият және қатаң бақыланады.

Біздің  шекаралық барлау қызметтері Қазақстанмен өте тығыз жұмыс істейді. Екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық табысты дамуда. Қазақстанда әскери техниканы құрастыру, шығару тізбегіндегі кейбір өндірістер жақсы жұмыс істеп тұр. Оның игілігін Қазақстан да, Ресей Федерациясы тең көріп, пайдаланып отыр.

Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығу туралы ойы жоқ. Мұның бәрі біздің дұшпандарымыз бен қаскүнемдердің жағдайды ушықтыру және алауыздық дәнін себу үшін әдейі жасаған жалған ұрандары ғана. Бұл тұрғыдан ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына Қазақстанның ұсынысы бойынша Қазақстан азаматы Иманғали Тасмағамбетов тағайындалғаны кездейсоқтық емес. Қазақстандықтар ҰҚШҰ желісі бойынша "Қаңтар оқиғасы" кезінде өте жылдам және тиімді көмек көрсеткені үшін риза. Бұл сол кезде елде тез тәртіп орнатуға көмектескен болатын.

Ұжымдық Батыс Қазақстанды Украинамен жасағандай "анти-Ресейлік" мемлекетке айналдыруға тырысады. Ол біздің Қазақстан аумағына кіреді дегендей «хаос» дәнін себіп, үрей тудыру үшін жасалған қадамдары.

Соған орай, өкінішпен айта алатыным – қазір Қазақстанда радикалды ұлтшылдық тенденциялар барған сайын артып, айқын көрініп тұрғанына алаңдаушылық білдіремін.

Бұл елде Президенттің күшті мандаты бар. Оның көмегімен экстремистік, ұлтшылдық сөздердің кез келген түрінің жолын кесу бойынша қатаң шаралар жүзеге асырылатын болады. Егер бізден бұл туралы жәрдемдесуді сұраса, біз сөзсіз көмектесеміз.

Әрбір қазақстандық екі аяқта нық тұруы тиіс: бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілі, екіншісі, Қазақстан Конституциясында көрсетілгендей ресми тіл –орыс тілі. Бұл екі аяқтың екеуі де бірдей болған жағдайда ғана алға қадам баса алатынын ескеру керек. Қазақстан үшін Ресей – ең жақын одақтас, интеграциялық әріптес, ұлы держава», –  деп Ресей елшісі Алексей Бородавкин мәлімдемелер жасады .

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →