×

Қостанайда есірткі таратқан студенттердің соты университетте өтті

19 жастағы студенттер есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Қостанайда есірткі таратқан студенттердің соты университетте өтті
polisia.kz

Қостанай облысында колледждің 19 жастағы студенттері есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасының өтініші бойынша сот қарауы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде 300 студенттің қатысуымен өтті.

Екі қызды Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осы жылдың 11 қаңтарында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ұстаған.

Қостанайдағы колледждердің бірінің студенттері есірткіні үйлердің кіреберістерінде, соның ішінде пошта жәшіктерінде жасырған. Тінту кезінде студенттерден ақ түсті ұнтақ заты бар 50 байлам тәркіленді. Кейіннен жалдамалы пәтерді тінту кезінде аса ірі мөлшерде, 192 грамм синтетикалық есірткі — мефедрон табылды және тәркіленді.

Осы фактілер бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") (аса ірі мөлшерде) сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Сот шешімімен сотталушылар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Бүгін, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →