×

"Жұмыс берушілер адам таппай отыр": Министр мәлімдеме жасады

Министрдің айтуынша, биыл 9 айдың ішінде 941 мың азамат жұмысқа тұрғызылған

"Жұмыс берушілер адам таппай отыр": Министр мәлімдеме жасады
ulysmedia.kz

Үкіметтің баспасөз маслихатында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова МӘМС жүйесінен тыс қалған 3,3 млн қазақстандықты жұмыспен қамтуға байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Министрдің айтуынша, биыл 9 айдың ішінде 941 мың азамат жұмысқа тұрғызылған, 3 млн деп айтып отырған азаматтардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар да бар.

"Азаматтар өздері талпынып жұмыс істеймін десе, жұмыс бар. Бүгінгі таңда 60 мың вакансия ілініп тұр. Жұмыс берушілер жұмыскерлерді таба алмай отыр", - дейді Светлана Жақыпова. 

Сондай-ақ, министр жастардың 120 мың теңгеден жалақысы кем болса жұмысқа тұрғысы келмейтінін де атап өтті. Журналист «сіз 120 мың теңгеге жұмысқа тұрар ме едіңіз?» деп сұрады.

«Мен 120 мың теңгеге де жұмыс істедім. Қазір өзіңіз біліп отырсыз, - деп жауап берді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →