×

«Әртүрлі жағдай болады»: Әділет министрі жас жұптарға мешітке дейін АХАЖ-ға тіркелуге кеңес берді

Әділет министрі Азамат Есқараев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Әртүрлі жағдай болады»: Әділет министрі жас жұптарға мешітке дейін АХАЖ-ға тіркелуге кеңес берді

Әділет министрі Азамат Есқараев отбасы құрғысы келетін жастарға кеңесін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бүгін Әділет министрі Азамат Есқараевқа журналистердің бірі мешіттегі некемен шектелетін отбасылар туралы сұрақ қойды.

«Бір отбасы мешітте ғана некеге тұрып, АХАЖ-ға бармаған. Алайда бір жылдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасып, баланың алдында әкесінің ешқандай міндеттемесі болмай қалыпты. Бұл қаншалықты заңды?» деп сұрады журналистер.

Бұл сұраққа жауап берген Азамат Есқараев әйел өзін қорғауы үшін міндетті түрде АХАЖ бөліміне баруы керек деп есептейтінін айтты.

«Мысалы, мешітке неке қиюға барғанда біздің мемлекеттік орган берген (неке қию туралы) куәлігін сұрайды. Негізінен мешіттерде осы құжатты талап етуі керек. Заңды түрде неке қиылғаннан кейін мешітке бару керек», - дейді ол.

«Алдымен сіз қазақстандықтарға заң некені қидырып, содан кейін мешітке баруға кеңес бересіз бе?» деген сұраққа Азамат Есқараев «менің ойымша, бұл дұрыс» деп жауап берді. 

«Өзім де үйлендім. Біз солай істедік. Алдымен АХАЖ органдарына барып, неке қидырдық. Содан кейін мешітке бардық. Егер кім мешітке неке қидырамын десе, сол жаққа баруға болады», - дейді ол.

«Мешіттегі неке заңды емес пе?» деген сұраққа министр «ол тек діни рәсім» деп жауап берді.

«Заңды түрде қиылған неке – АХАЖ органдарында. Негізінен бұл заңға да байланысты емес. Ол еркек пен әйелдің ниетіне байланысты. Бәріңіз қоғамда өмір сүріп жатырсыздар. Әртүрлі қарым-қатынас болады. Мысалы, заңды түрде (некесін) тіркеймін десе, бұл өте дұрыс болады деп ойлаймын», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →