×

Болат Назарбаевтың жаназасы қашан шығарылатыны белгілі болды

Болат Назарбаевтың жаназасы қашан шығарылады

Болат Назарбаевтың жаназасы қашан шығарылатыны белгілі болды
Фото ашық дереккөзден

Болат Назарбаевтың жаназасы 14 қарашада шығарылады. Бұл туралы журналист Әмірболат Құсайынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Болат Әбішұлы Назарбаевтың қонақ асы: бүгін, 13.11.2023 жылы, сағат 19:00-де Қаскелең қаласы, Жангозин көшесі №1 (А) «Гранд Тау» мейрамханасында беріледі.

Жаназасы: ертең, 14.11.2023 жылы сағат 11.00-де, Шамалған ауылы, А.Байтұрсынов көшесі, 144 үй мекенжайынан оқылады.

Жаназа асы: 14.11.2023 жылы, сағат 13.00-де, Қаскелең қаласы, Жангозин көшесі №1 (А) «Гранд Тау» мейрамханасында беріледі», – деп жазды ол.

Еске салайық, 13 қарашада Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан қайтыс болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →