×

15 млрд теңге: Астанада криптовалютаны заңсыз айырбастағандар сотталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды

15 млрд теңге: Астанада криптовалютаны заңсыз айырбастағандар сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А.В.Кучукова пен Е.Т. Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

«Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құраған. Олар 1,5-нан 2,5%-ға дейін сыйақы комиссия алып отырған. Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді», – делінген хабарламада.

Сот А. В. Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т. Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

«Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеміз», – деді ҚМА өкілдері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Бүгін, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →