×

БҚО-да полиция қызметкерлері 217 ақбөкен мүйізін тәркіледі

Мүйіздерді 2020 жылдан бастап жинаған

БҚО-да полиция қызметкерлері 217 ақбөкен мүйізін тәркіледі
polisia.kz

БҚО-да полиция қызметкерлері 217 ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қалалық ПБ Шаған полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе жедел-іздестіру іс-шарасы барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде шұғыл тінту жұмыстарын жүргізу кезінде Орал қаласының тұрғынының пәтерінен 217 дана ақбөкен мүйізін тәркіледі.

Анықталғанындай, ақбөкен мүйізін оған Бөкейордасы ауданынан танысы беріп жіберген. Ал Бөкейордасы ауданының тұрғыны жауап алу кезінде аталған мүйіздерді 2020 жылдан бастап жинағанын және оны өзінің қорасында сақтағанын және одан әрі іске асырып, пайда көру үшін мүйізді такси жүргізушісі арқылы қалаға беріп жібергенін айтты.

Қылмыстық іс шеңберінде күдіктінің біріне тиесілі телефоны тәркіленді, онда мүйіздерді сату тақырыбында хабарламалар және қаптарға оралған дериваттардың фотосуреттері (тәркіленгенмен бірдей) бар. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →