×

5G ұялы байланысы Қазақстанға қашан енгізіледі

Бірінші кезекте республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарын қамту жоспарланып отыр

5G ұялы байланысы Қазақстанға қашан енгізіледі
фото: ашық дереккөзден

Премьер-министр Әлихан Смайылов Бағдат Мусинге 5G-ді енгізуді 2027 жылға дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

“Сапалы интернет және ұялы байланыспен қамтуға қатысты наразылықтар мен шағымдар туралы жақсы білесіз. Сапалы байланыс қалалық жерлерде де болмай жатады. Қазір бәрін ұялы телефонның көмегімен алуға болады. Кейде интернеттің дұрыс болмауынан мүмкін болмай жатады. Бұл мәселені шешу керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық өңір (қала, аудан, ауыл) сапалы ұялы байланыс және интернетпен қамтамасыз етілуі тиіс”, - деді Әлихан Смайылов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Ол министрліктің ұялы байланыс пен интернеттің сапасына талдау жүргізуі қажет екенін айтты.

“Соның негізінде тиісті іс-шаралар әзірленіп, ол «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде қабылдануы тиіс. Бүгінгі таңда елімізде 5G ұялы байланысын енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші кезекте республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарын қамту жоспарланып отыр. Аталған жұмыс 2027 жылы аяқталуы керек”, - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →