×

Бишімбаев Нүкенованы видеоға түсіріп, балағаттаған: Сотта жантүршігерлік видеолар көрсетілді

Бишімбаев марқұм Нүкенованы сұрақтың астына алған видеолар көрсетілді

Бишімбаев Нүкенованы видеоға түсіріп, балағаттаған: Сотта жантүршігерлік видеолар көрсетілді
Фото: Jogargy_sot

Астанада өтіп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында оның ұялы телефоны ашылды. Сотталушы бұған дейін сотқа телефонының құпия кодын айтудан бас тартып келген. Дегенмен, оның қорғаушылары құпия кодты прокурорларға емес, судья Айжан Құлбаеваға айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Оның телефонында марқұм Салтанат Нүкенованы айыпталушы мәжбүрлеп, сұрақтың астына алған видеолар көрсетіліп жатыр.

Видео 8-9 қараша күндері түсірілген. Судьяның айтуынша, видеода Нүкенова күртеше киген, ал ішінде ештеңе жоқ. Бишімбаев әйелін балағаттап, қайта-қайта «Райымбек Баталовпен төсектес болдың ба?» деп сұрақтың астына алған.

Сонымен қатар судья Айжан Құлбаева видеода Салтанат Нүкенованың үстінде қара пальто ғана барын айтты.

Бишімбаев «мұның бәрі монтаж, менің телефонымды бұзып, біреу енгізіп қойған. Бұл видео 9 қарашада түсірілуі мүмкін емес» дейді. Сот 10 минуттық үзіліске кетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →