×

Азаматтық белсенді қамалғандарды "үтікпен" азаптап сотты болған полицейлерге араша түсті

Азаматтық белсенді қамалғандарды "үтікпен" азаптап сотты болған полицейлерге араша түсті
фото: Бейнематериалдан скрин

Талдықорған қалалық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптады деп күдікке ілінген бес адамға сот үкімі оқылды. Сот кезінде белсенді Әсет Оңалбаев  айыпталушыларға араша түсті, деп хабарлайды qaz365.kz  тілшісі The Qazaq Times агенттігіне сілтеме жасап. 

Айтуынша, басшылар тапсырма бермегенде полицейлер ондай әрекетке бармас еді. 

“Азаптаудың ішінде жүрген басшылар қайда? 23 жәбірленуші кешірімін берді. Үкімет бұларға да кешірім беру керек еді ғой. Меңдібаев сол күні тоқтатса, осы жерде бұлар отырмайтын еді. Басшыларды көрмейді екен де мына балаларды көреді екен. Күдебаевтің сотын көрдіңіздер, таза цирк! Ол енді қазір генералдың қасында Алматыда орынбасар болып отыр. Солар тоқтату керек еді. Осы жерде солар отыру керек еді”, – деді ол.   

Бұған дейін, Талдықорғанда "үтікпен азаптау" ісі бойынша айыпталған полицейлерге үкім оқылғанын жазған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →