×

ҰҚК қызметкері ақтөбелік әйелді 6 миллион теңгеге алдап кеткен

Ол арнайы операция жүргізіліп жатқанын хабарлаған

ҰҚК қызметкері ақтөбелік әйелді 6 миллион теңгеге алдап кеткен
ulysmedia.kz

 

ҰҚК қызметкері ақтөбелік әйелді 6 миллион теңгеге алдап кеткен,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

​Ақтөбе тұрғыны Whatsapp месенжері арқылы танысынан хабарлама алған. Хабарламада күмәнді операцияларға байланысты, оның шотына тексеру жүріп жатқаны және оған ҰҚК-дан қоңырау шалатыны ескертілген.

​"Біраз уақыттан кейін оған өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалған. Ол арнайы операция жүргізіліп жатқанын және қылмыскерлерді ұстау үшін өз атына несие рәсімдеп, ақшаны қауіпсіз шотқа салу керек екенін айтқан. Жәбірленуші қоңырау шалушының барлық шартын орындап, несие ресімдеген және ұсынылған шоттарға шамамен 6 миллион теңге аударған. Кейінірек ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді",– делінген Ақтөбе қаласы Полиция департаментінің хабарламасында. ​

Полиция департаменті қызметтік міндеттерін атқару кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ екенін еске салды. ​

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты
Кеше, 19:47

«Шырын үшін ұрып-соққан»: Шу ауданында ажал құшқан оқушының отбасы сұмдық мән-жайды айтты

Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →