×

Қазақстанның Ватикан, Мексика, Словакия және Алжирдегі елшілері тағайындалды

Бүгін Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар мемлекеттерге жаңа елші тағайындалды

Қазақстанның Ватикан, Мексика, Словакия және Алжирдегі елшілері тағайындалды
Сурет: Shutterstock

Қазақстанның Ватикан, Мексика, Словакия және Алжирдегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар мемлекеттерге жаңа елші тағайындалды.

  • Тимур Пірімбетов Ватикандағы Қазақстан елшісі қызметіне тағайындалды. Оған Иерусалим, Родос және Мальтадағы елші қызметін қоса атқару жүктелді. Ол бұрын Қазақстанның Мексикадағы елшісі болған. Ал оған дейін Қасиетті Тақ жанындағы елші лауазымын Қайрат Саржанов атқарып келді.
  • Алмұрат Тұрғанбеков Қазақстанның Мексикадағы елшісі лауазымына тағайындалды.
  • Жанна Сағынова Қазақстанның Словакиядағы елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті бұрын Төлежан Барлыбаев істеген еді.
  • Әнуарбек Ахметов Қазақстанның Алжирдегі елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті бұрын Қайрат Лама Шариф атқарып келді.

Осыған дейін Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

 

  • Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов, 
  • Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан,
  • Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
01.07.2025ж. 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →