×

Путин Қазақстанға келсе, қамауға алына ма: СІМ өкілі жауап берді

Путин Қазақстанға осы күзде сапарлап келетіні хабарланған еді

Путин Қазақстанға келсе, қамауға алына ма: СІМ өкілі жауап берді
kremlin.ru

Халықаралық қылмыстық сот Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берген болатын. Қазақстан Гаага сотының бұл шешімін орындамайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 5 сәуір күнгі хабарламасынан осыны аңғаруға болады.

"Қазақстан Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың құрылтай құжаты – Рим статутына қатысушы болып табылмайды. Тиісінше, бұл статуттың Қазақстанға қолданысы таралмайды және біздің мемлекетіміз ол бойынша ешқандай міндеттеме алмайды", –  деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Путин Қазақстанға осы күзде сапарлап келетіні хабарланған еді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев жаңа министрді қабылдады
Бүгін, 17:22

Тоқаев жаңа министрді қабылдады

Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары баяндалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →