×

Ердоған: Литвададағы саммитте Украинаның НАТО мүшесі болатыны расталмақ

Литвада болатын НАТО саммитінде растамақ

Ердоған: Литвададағы саммитте Украинаның НАТО мүшесі болатыны расталмақ
Ашық дереккөздерден

7 шілдеде Стамбулда Украина Президенті Владимир Зеленский мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келіссөз өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелдік ақпарат агенттігінің жазуынша, кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Ердоған "Украина еш күмәнсіз НАТО-ның мүшесі болуға лайық" деп мәлімдеген. 11-12 шілдеде Литвада болатын НАТО саммитінде альянс мүшелері "Украина түбі НАТО мүшесі болатынын" растамақ.

Бұған қоса, Ердоған астық келісімін қайта ұзарту бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты. Бұл келісім 17 шілдеде аяқталады. Ол тамызда Түркияда Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуде астық келісімін көтеретінін мәлімдеген. 

"Бұл келісім әр екі ай сайын емес, үш ай сайын ұзарып тұрады деп үміттенеміз", – деді Ердоған. 

Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "астық келісімін ұзартуға мүмкіндік аз, себебі бізге берілген уәделер орындалмады" деген еді. 

Ердоған мен Зеленский кездесу кезінде тұтқын алмасу мәселесін де талқылаған.

"Біз тұтқынға түскен әскерилерімізді, саяси тұтқындарды, Қырым татарларын қайтару үшін жұмыс жасап жатырмыз", – деді Зеленский.

Ердоған тұтқын алмасу мәселесін Путинмен телефон арқылы талқылайтынын жеткізген. 

Ресей Украинаға соғыс ашқалы Түркия Украинамен де, Ресеймен де қарым-қатынасын сақтап қалды. Ердоған – екі елді татуластыруға тырысып жүрген лидерлердің бірі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды
Кеше, 16:14

Бағдат Мусиннің орнына жаңа министр тағайындалды

Президент тиісті жарлыққа қол қойды
Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →