×

Сенат сайлауына 55 кандидат қатысады

Сенат сайлауына 55 кандидат қатысады
фото: ашық дереккөзден

14 қаңтарда өтетін Сенат депутаттары сайлауына республика бойынша 55 кандидат түседі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өңірлік сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, Сенат депутаттарын сайлау бюллетеніне 55 кандидат тіркелді. Оның ішінде Алматыдан 4, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Жетісу, СҚО және Түркістан облыстарынан 2 кандидат бар. Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Республика бойынша Сенат депутаттарын сайлауға 3 168 дауыс беруші қатысады.

Сондай-ақ, ОСК төрағасының мәліметінше, сайлау учаскелері сағат 10:00-де ашылады, ал дауыс беру сағат 11:00-де басталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Орыс ұлты өкілдерін кемсіттті» деп сотталған Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты
Кеше, 12:15

«Орыс ұлты өкілдерін кемсіттті» деп сотталған Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты

Айта кетейік, 2022 жылы наурызда блогерлер Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынған болатын.
Ол жыл басында әкім лауазымынан босатылған.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы Бішкекте өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →