×

Пермьер-министр Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады

Бектенов бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп екенін айтты

Пермьер-министр Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады
Фото: ашық дереккөзден

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олжас Бектенов Қазақстанда инфляцияны одан әрі төмендетудің маңызын айтты.

"2 айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3 пайыз болды. Бұл ретте оны 8 пайыз дәлізінде ұстап тұру міндеті тұр. Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған", - делінген хабарламада.

Бектенов бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп екенін айтты.

"Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді", - деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысының айтуынша, осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек.

Сонымен қатар импортқа тәуелді өнім өндірісін кеңейту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →