×

Астанада шенеунік көшеде сюжет түсіріп жүрген журналистен аккредитация талап етті

Осылайша, шенеунік сайлау учаскесі маңында Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтірген

Астанада шенеунік көшеде сюжет түсіріп жүрген журналистен аккредитация талап етті
Азаттық радиосы видеосынан скриншоттар

Кеше Астанада Кенесары көшесіндегі сайлау учаскесі маңында кезекте тұрған адамдардан сауалнама жинап жүрген Азаттық тілшісін полиция мен шенеунік тоқтатқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сарыарқа аудандық әкімдігінің қызметкері Дамир Хисматуллин камераны өшіруді талап еткен. Азаттық тілшісі Аян Қалмұраттан ол “көшеде түсіруге рұқсат” пен аккредитация талап етті. 

Шенеунік журналиспен айтысып, аккредитация талап етеді. Не үшін деген сұраққа «сұхбат алу үшін» дейді. Ол қай заңда жазылған деген сұраққа жауап бере алмай қалады. Журналист оған кәсіби қызметін атқарып жүргенін түсіндіреді. 

Кеше Ресейдегі сайлауға байланысты Алматы, Астана, Орал, Өскемендегі Ресей өкілдіктерін полиция мен шенеуніктер қатаң бақылаған. Сайлау учаскелерінің алды ұзан-сонар кезек.

Ресейде кеше президент сайлауы аяқталды. ОСК-ның алдын-ала мәліметтері бойынша, қазіргі президент Владимир Путин 87%-дан астам дауыспен жеңіске жетті. Қашықтықтан дауыс беруді ескере отырып, билік дауыс берушілердің 74%-дан астамы сайлау учаскесіне келгенін хабарлайды. Сайлау күндері бақылаушылар мен БАҚ заң бұзылғанын айтып, жазып жатты.

Бүкіл елде сайлауды шеттеткен бірнеше оқиға тіркелді. Кейбір азаматтар сайлау жәшіктеріне зеленка құйса, кейбірі сайлау парағын бүлдіріп кеткен. Сайлау бюллетенін бүлдіргендерді қорқытып, қоңырау шалып, хабарлама жіберіп жатқан жағдайлар да болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

300 мың теңге жалақы ұсынсаң, олар 800 мың теңге сұрайды 
Қазіргі уақытта Ливанда Қазақстанның үш штаб офицері штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →