×

Ресей-Украина соғысы: Курск облысында не болып жатыр

Рыльск маңындағы Ресей әскері қырылды

Ресей-Украина соғысы: Курск облысында не болып жатыр
Фото - © Telegram-канал Президента Украины Владимира Зеленского

Ресей Федерациясының ТЖМ мәліметтері бойынша, Курск облысынан 76 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Курскіде тоғыз қабатты тұрғын үйдің қирап, губернатордың хабарлауынша, 13 адам зардап шеккен. Ресей ТЖМ Курск облысындағы ахуалды «федералды сипаттағы төтенше жағдай» деп мойындады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Эвакуация

Десе де, эвакуация жөнінде ресми деректер айтарлықтай бір-бірінен ерекшеленеді. 10 тамызда түстен кейін Курск қаласының мэрі Игорь Куцак Telegram-да шекара маңынан кеткендердің есебін жүргізетін округ әкімшіліктері мәжбүрлі қоныс аударушылардан 16 мыңнан астам өтініш қабылдағанын жазған еді. ТЖМ 60 мың адамды қосып ақпарат таратты. Росстаттың мәліметі бойынша, 2024 жылдың қаңтарында Курск облысының халқы 1 миллион адамнан асады. 

Ресей Федерациясының ТЖМ-де нақтыланғандай, 60 уақытша орналастыру пунктінде (оның 26 - сы Курск облысында) - 4,3 мыңнан астам адам бар. Эвакуация теміржол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Тұрғындарды Воронеж, Калуга, Липецк, Мәскеу, Орел, Тверь және Тула облыстарында қабылдайды, деп қосты министрлік. 

Курск қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдегі қирауы 

Сонымен қатар, мэр Куцак Telegram-да Курск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің қираған суретін жариялады. Оның нұсқасы бойынша, ғимаратқа «украиналық зымыран құлаған».

Сол күні Белгород, Брянск және Курск облыстарында терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков 10 тамызда Шебекино бомбалауынан бес адам зардап шекті деп хабарлады. Әртүрлі жарақаты бар екі ер адам Белгородтағы №2 ауруханаға жеткізіген. Бірқатар үйлер мен коммерциялық нысандарға зиян келтірілген. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірген. Қаланың бірқатар ауданында электр қуаты жоқ, деп қосты Гладков. Оның айтуынша, төтенше жағдайлар қызметі Ресей қорғаныс министрлігінің келісімінен кейін қалпына келтіру жұмыстарын бастайды.

Украинаның «арнайы әскери операциясы»

Украинаның Қарулы күштері 2024 жылдың 6 тамызынан бастап Курск облысында әскери операция жүргізіп жатыр. Шайқастар Коренев және Суджан аудандарында боғлан. Ресейден табиғи газ Украинаның газ тасымалдау жүйесіне түсетін, содан кейін транзитпен ЕО-ға баратын жалғыз нүкте бар. Ол «Суджа» газ өлшеу станциясы. Сонымен қатар, облыс аумағында Курск АЭС орналасқан.

ISW (Соғысты зерттеу институты) мәліметтері бойынша, Украина Қарулы күштерінің (УҚК - ВСУ) ірі украиналық бөлімшелері Курск облысының Украина шекарасына жақын аудандарында әскери қимылдарды жүргізіп жатыр. Кейбір позицияларды күшейтіп, нығайта түскен. Ресейлік "әскери журналистердің" айтуынша, украин әскерлері Курск облысындағы операциялар кезінде инновациялық тактика мен технологиялық мүмкіндіктерді сәтті қолданады, делінген хабарламада.

Рыльск маңындағы Ресей әскері қырылды

Бірден бірнеше тексерілген ресейлік Telegram арна 9 тамызда Курск облысында Ресей армиясының әскери техникалары өртеніп жатқан колоннаның суретін жарыса жариялады. Telegram арналар Украина әскері ресейлік сарбаздар отырған әскери техникаларға HIMARS зымырандарымен соққы жасалғанын жазады. Әскери талдаушы Ян Матвеевтің бағалауы бойынша, соққыдан бүкіл батальон жойылған. Ол мұны "бүкіл соғыс уақытындағы ең қанды соққының бірі"деп атайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →