×

Қақтығыс болып жатқан Таяу Шығыста қанша қазақстандық тұрып жатыр: СІМ ескерту жариялады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде және Израиль, Ливан мен Ирандағы шетелдік мекемелерінде жедел желі ашылды

Қақтығыс болып жатқан Таяу Шығыста қанша қазақстандық тұрып жатыр: СІМ ескерту жариялады
Фото: СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен жедел брифинг барысында Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Біз барлық қатысушы тараптарды сабырлық танытып, бейбіт тұрғындардың қазасы, өңірде кең ауқымды соғысқа айналуы ықтимал жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеу үшін күш қолданудан бас тартуға шақырамыз. Осыған байланысты келіспеушіліктерді реттеуді БҰҰ жарғысы және халықаралық құқық қағидаттары аясында тек саяси дипломатиялық жолмен жедел шаралар қабылдау маңызды», - дейді ол.

Ол Қазақстан халықаралық ахуалды тұрақтандыруға және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды тұрақты қолдайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінде консулдық есепте тұрған азаматтардың тізімі тұрақты негізде өзектендіріліп жатыр. Осылайша, бүгінде Израильде консулдық есепте – 120, Иранда – 102, Ливанда – 139 Қазақстан азаматы, оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар.

«Көптеген азаматтардың консулдық есепте тұрмайтынына назар аударғымыз келеді. Осыған байланысты байланыс орнату және Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біраз уақытты алады. осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның барлық азаматтарын бұл елдерде консулдық есепте тұруға шақырамыз. Сондай-ақ қазіргі уақытта Израильде, Иранда және Ливанда тұратын Қазақстан азаматтарының аса қажеттілігі болмаса, тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді һ, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан СІМ мен аталған елдердегі елшіліктерімен байланыста болуын сұраймыз», - деді ол.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде және Израиль, Ливан мен Ирандағы шетелдік мекемелерінде жедел желі ашылды. Бұл туралы ақпарат және байланыс нөмірлері Сыртқы істер министрлігінде және елшіліктердің ресми сайтында жарияланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →