×

Әлішер Кәрімов неге үйленбей жүргенін айтты

Мақпал Жүнісова мен Әлішер Кәрімовтің әзілі жұртты күлкіге қарқ қылды

Әлішер Кәрімов неге үйленбей жүргенін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Әнші Мақпал Жүнісова мен Әлішер Кәрімовтің әзілі концертке келген көрерменді қарық қылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлішердің концертіне келген Мақпал Жүнісова өнердегі бауырын көптен бері білетінін айтты. 20 жылдан бері сахнада жүрген Әлішерді мақтап, Мақпал Жүнісованың өзі айтатын әнді әдемі орындағанына рақметін жеткізді. Әзілмен тезірек отбасы болуын тіледі.

«Бес жыл бұрын саған «үйлен» деп айтқанда «жақында» деп едің, әлі үйленген жоқсың ба? Ата-анаң күтіп отыр», - деді Мақпал Жүнісова.

Әлішер Кәрімов «Сіз сияқты красавицалар жоқ қой. Сәл кешірек өмірге келгеніңізде» деп әзілмен жауап берді.

«Әлі де кеш емес қой», - деп жауап қайтарды Мақпал Жүнісова.

«Маған мектеп кезінен үлкен қыздар ұнайды», - деді оған Әлішер Кәрімов.

«Құда түсіп жүрмеңдер масқара боп. Біз сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтереміз деп әзілдей береміз ғой», - деп жұртты қарық қылды Мақпал Жүнісова.

Екі әнші сахнада «Жүрегің бұзылмай» деген әнді бірге шырқады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды
Кеше, 09:39

"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды

Продюсер Меруерт Өтекешоваға тон, зергерлік бұйымдар сыйлап, өмір бойы қаржылай қолдау көрсететінін айтты
Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →