×

Актер Шакенти сүйіктісін соққыға жықты: актер мәлімдеме жасады

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

Актер Шакенти сүйіктісін соққыға жықты: актер мәлімдеме жасады
Видеодан скриншоттар

Актер Шәріп Серік сүйіктісі Алия Бутееваны лифтіде жұлқылап, соққыға жығуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Өкінішке қарай, сіздердің бәріңіз менің Алия Бутееваны лифтіден дөрекі түрде сүйреп шығарған видеоны көрдіңіздер. Өзімді ақтағым келмейді. Мен қателікке бой алдырдым және заң бойынша жауап беруге дайынмын.

Көпшілігіңіз ұрсысып қалған кезінде ашуға булыққан сәттерді бастан өткерген шығарсыздар. Бірақ мен сіздерден өтініп сұрарым – менің қателігімді қайталамаңыздар, ешқашан қол көтермеңіздер. Мен Алияны шапалақпен ұрдым. Осы әрекетім үшін одан, оның отбасынан және менің әрекетімнен көңіліне жара салған барша адамдардан кешірім сұраймын», – дейді актер.

Айта кетейік, 4 сәуірде актердің сүйіктісі, қазақстандық блогер Алия Бутеева актер Шәріп Серіктің жалаңаяқ күйінде оның артынан жүгіріп шығып, қолынан жұлқып, лифтіден күшпен алып шыққан сәтін түсірген фото мен видеоны жариялаған болатын. Суреттерде қыздың бетінде соққыдан із қалғаны да анық көрінеді. Бойжеткен болған оқиға жайлы эмоцияға беріліп айтып, үнсіз қалмайтынын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты
29.04.2026ж. 22:35

Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты

Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →