×

Джеки Чан аңызға айналған әйгілі фильмнің жалғасын Қазақстанда түсіреді

Бұл аңызға айналған франшизаның төртінші бөлімі болмақ

Джеки Чан аңызға айналған әйгілі фильмнің жалғасын Қазақстанда түсіреді
Фото әлеуметтік желіден

Әлемге танымал актер әрі продюсер Джеки Чан «Құдіретті сауыт» («Armour of God») атты әйгілі франшизаның жалғасын Қазақстанда түсірмек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Қазақстан түсірілім алаңы ретінде Бейжіңде өткен келіссөздерден кейін бекітілген. Бұл жоба — фильмнің төртінші бөлімі.

«Құдіретті сауыт» алғаш рет 1986 жылы экранға шыққан. Экшн мен шығыс комедиясының үйлесімі Джеки Чанды әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналдырған еді.

Айта кетейік, жуырда Джеки Чан Алматыға арнайы келіп, болашақ картинаның түсірілім орындарын өзі аралап көрген. Кейін актер Алматыдағы бірнеше локацияны жеке таңдап алғанын да мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →