×

Нұрлан Қоянбаев жол бойында сауда жасап тұрған келіншектен 2 тонна қарбыз сатып алды

Актер де сатушыға алғысын білдіргісі келген

Нұрлан Қоянбаев жол бойында сауда жасап тұрған келіншектен 2 тонна қарбыз сатып алды
Фото: instagram / koyanbayevnurlan

Түркістан облысының әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, әзілкеш Нұрлан Қоянбаев жол бойындағы сатушы келіншекті қуанышқа бөледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әзілкештің Instagram-парақшасында жарияланған видеода актердің өзінің «бұрынғы танысымен» кездесуін көруге болады. 

Естеріңізде болса, желіде Қоянбаевқа тегін қарбыз берген әйелдің видеосы кеңінен тарап кеткен. Өз кезегінде актер де сатушыға алғысын білдіргісі келген: ол бірден екі тонна қарбыз сатып алған.

«Саудаңыз жүрсін. Сізге қолдау білдіргім келіп тұр. Айтыңызшы, мына сатып тұрған қарбаздарыңыздың барлығы қанша тұрады?», – деген Нұрлан Қоянбаев келіншектің банк картасына 200 мың теңге аударып жіберген.

«Толқып кеттім ғой, мұндай ақша алып көрмегенмін ғой», – деп эмоциясымен бөлісті келіншек.

Әзілкеш осы ретте қарбызды сатып алуды челленджге айналдырған, сатушылармен әңгіме барысында ол биыл сауданың нашар екенін білген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты
29.04.2026ж. 22:35

Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты

Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →