×

Инсульт кезінде көрсетілетін алғашқы көмек қандай?

Дүниежүзілік инсульт күні қарсаңында Арыс ауданындағы мектептерге инсульттің алдын алу бойынша семинарлар өткізілуде

Инсульт кезінде көрсетілетін алғашқы көмек қандай?

Түркістан облысына қарасты, Арыс аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігерлері Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дүниежүзілік инсульт күні қарсаңында Арыс ауданындағы мектептерге инсульттің алдын алу бойынша семинарлар өткізілуде. Семинар мектеп оқушыларының назарын инсульттің алдын алуға аудару мақсатында ұйымдастырылған. Бүгінде инсультпен үлкендер ғана емес, жастарда бетпе-бет келіп жатыр. Осы орайда инсульт алып қалған адамға алғашқы көмекті қалай көрсету керектігі түсіндірілді. Адамның инсульт алу қаупі туралы хабарланғаннан кейін медициналық көмекті күту кезіндегі алғашқы көмек көрсетудің маңызы зор. Оларға науқасты жатқызу, оған таза ауа жұтуға мүмкіндік беріп, киімдерін шешу, бар болса, тіс протездерін алып тастау, адамды жалғыз қалдырмай, әр 5 минут сайын қан қысымын өлшеу, жүрек айнуының алғашқы белгілері пайда болған кезде басын бір жағына бұру, өзі қалаған көлемде су ішкізу, жәбірленушінің тілінің астына бір мезгілде 10-12 дана глицин қоюға болады. Одан соң "жедел жәрдем" мамандарына барлығын баяндау қажет.

Айта кетейік, инсульттың басты себебі — гипертония ауруы және ми тамырларының атеросклерозы. Оның пайда болуы қан айналысының тасуына байланысты. Көп ретте ауру адам кенеттен құлап қалады, есінен танады. Оларда аяқ пен қолдың парезы әдетте дененің бір жағынан басталады, тілі күрмеледі, алғашқы сағаттарда тыныс алуы бұзылып, денесі тырысады және құсады. Көптеген ауру адамдарда инсульт кенеттен пайда болғанымен, осының алдында оның нышандары білінеді. Мәселен, гипертония ауруы және атеросклероз кезінде адамның басы айналады, миы зеңіп ауырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →