×

Сауран ауданының дәрігері сусындар адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін айтты

Дәрігердің сөзінше, тәтті сусын тұтынған адамдар өмір сүру ұзақтығы қысқа болады екен

Сауран ауданының дәрігері сусындар адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін айтты
Фото: pixabay.com

Тәтті сусындарды көп пайдаланатын адамдардың өмір сүру ұзақтығы бес жылға азаяды. Қанты бар сусынды көп ішкен адамның ағзасындағы майдың көлемі күрт төмендеп кетеді екен. Бұл туралы Qaz365.kz тілшісіне сұхбат берген Түркістан облысы Сауран ауданының терапевт воп дәрігері Назира Аманбаева айтты.

Дәрігердің сөзінше, тәтті сусын тұтынған адамдар өмір сүру ұзақтығы қысқа болады екен. Газды су ағза клеткаларын қартайтып, неғұрлым тәтті болған сайын, оның адам ағзасына зияны да көбірек болатын көрінеді. Сондай-ақ, құрамында фосфор қышқылының көп болуына байланысты бүйрекке тас жиналады.

«Қоғамда қант қосылған тәтті сусындарды тұтыну және олардың адам денсаулығына әсері қызу талқыланып жатқан өзекті тақырыптардың бірі. Құрамында қант мөлшері жоғары сусындарды үнемі тұтыну физикалық жағдайға, соның ішінде семіздікке, 2 типті қант диабетіне, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупінің жоғарылауына, сондай-ақ тістерге және жалпы метаболикалық денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында құрамында қант бар тәтті сусындарды тұтыну алаңдаушылық туғызады, себебі бұл болашақта зиянды тамақтану әдеттерінің негізін қалауы мүмкін. Қантты сусындарды үнемі тұтынатын балалардың семіздікке шалдығу қаупі жоғары, бұл өз кезегінде ересек жастағы көптеген ауруларға, соның ішінде жоғары қан қысымы, қант диабеті және жүрек ауруларына әкелуі мүмкін», – дейді Назира Аманбаева.

Соңғы зерттеулерге сәйкес, сарапшылар халықтың денсаулығын жақсартудың негізгі қадамдарының бірі ретінде құрамында қант бар тәтті сусындарды тұтынуды азайтуды ұсынады. Оларды тұтынуды шектеу көптеген созылмалы аурулардың даму қаупін азайтуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →