×

АИТВ-ны анықтаудың негізгі әдісі қандай?

АИТВ инфекциясы адамның ағзасын түрлі инфекциядан қорғайтын иммундық жүйені зақымдайтын инфекция

АИТВ-ны анықтаудың негізгі әдісі қандай?

Түркістан жоғары медицина колледжінде бірлескен профилактикалық шара жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан қаласындағы жоғары медицина колледжінде АИТВ инфекциясының алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және стигма мен кемсітушілікті болдырмау мақсатында кездесу өтті. Шараға Түркістан қалалық емханасының гинекологы Жазира Әмірханова, облыстық АИТВ инфекциясының алдын-алу орталығының дәрігері Марат Ануарұлы, Түркістан ҚПБ ЖПҚ бөлімі ЮПТ УПИ полциция капитаны Айбат Қаражігітова қатысты. Семинар барысында аталған инфекцияның алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы айтса, басқа қатысқан мамандар жастар арасындағы белең алған жаман әдеп-қылықтар жайлы айтып, пікір алмасты.

АИТВ инфекциясы адамның ағзасын түрлі инфекциядан қорғайтын иммундық жүйені зақымдайтын инфекция. АИТВ  жұқтырған адамдарды АИТВ-мен өмір сүрушілер деп атайды. АИТВ инфекциясы  иммундық жүйенің СД4 клеткаларын зақымдайды. АИТВ инфекциясы асқынған жағдайда  ЖИТС-ке әкеліп соқтырады. ЖИТС - жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы. Бұл кезеңде  науқаста  оппортунистік аурулардың бой көтеруіне ағза қолайлы болып табылады. Яғни туберкулез, онкологиялық аурулар мен пневмония аурларына шалдығу деңгейі жоғарылайды.

Негізінен адамның түр түсіне, келбетіне қарап АИТВ жұқтырған деп айта алмаймыз. АИТВ-ны анықтаудың  негізгі әдісі ИФА әдісі арқылы қандағы қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау. Қарсы дене дегеніміз ол организмдегі қоздырғышқа қарсы  жауап ретінде пайда болатын белоктар. Егер тестілеу қортындысы оң нәтиже берсе, онда адам қанында қоздырғышқа қарсы  денелер бар дегенді білдіреді, яғни АИТВ жұқтырған болып есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →