×

Сүт безі қатерлі ісігінің белгілері қандай? Созақ халқына түсіндірілді

Бүгінде әрбір науқас және әрбір қыз-келіншек сүт безінің қатерлі ісігі үкім емес екенін түсінуі керек

Сүт безі қатерлі ісігінің белгілері қандай? Созақ халқына түсіндірілді

Түркістан облысы Созақ ауданында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша семинар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Созақ аудандық аурухана онкомаммолог дәрігері Индира Тойбекқызы шара барысында сүт безі аурулары және қауіп факторларын ерте анықтау керектігі жөнінде мәліметтерді айтты. Сонымен қатар, ауруды дер кезінде емдеу, асқынудың алдын алу және белгілі бір жастағы дені сау адамдарға профилактикалық-медициналық тексерулерден өту маңыздылығын түсіндірілді.

Бүгінде әрбір науқас және әрбір қыз-келіншек сүт безінің қатерлі ісігі үкім емес екенін түсінуі керек. Себебі ауруды мейлінше ерте кезеңде анықтаса, оны жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Заманауи терапия әдістерінің арқасында тіпті аурудың кеш сатысында да оны жеңуге болатын әдістер пайда болып жатыр. Сүт безінің қатерлі ісігі - бұл әрбір оныншы әйелде кездесетін қатерлі жаңа түзіліс. Омырау обырын кез келген жаста анықтауға болады. Бірақ 65 жастан асқан әйелдерде бұл қатерлі ісіктің пайда болу қаупі осы жасқа дейінгілерге қарағанда 6 есе жоғары.

Қатерлі ісіктің пайда болуының жоғары қаупі міндетті түрде жаңа түзіліске алып келмейді. Қауіп тобына жататын әйел мүлде обыр ауруына шалдықпайтын жағдай кездесіп жатады. Сонымен қатар онкопатология дені сау әйелде анықталуы да ықтимал. Сондықтан өз денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарау және сүт бездерін уақытылы тексеруден өткізу маңызды. Қатерлі ісікті ерте анықтау өмір сүру мүмкіндігін арттырады. Медицина тәжірибесінде сүт безіндегі қатерлі ісікті әйелдің өзі немесе жолдасы анықтап жатады. Қатерлі ісікті маммолог, гинеколог, хирург дәрігерлер анықтауы мүмкін немесе скринингтік тексеру кезінде де белгілі болады. Диагностиканың негізгі әдісі – маммография.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →