×

Қазақтың жігіттері қыз алып қашуды қойсын – Еділ Жаңбыршин

Ол қызды ұрлағандар қылмыстық жауапкершілікке тарту керектігін айтты

Қазақтың жігіттері қыз алып қашуды қойсын – Еділ Жаңбыршин
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қазақтың жігіттерін сынап, қыздарды қорламай, керісінше қорғауға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Мәжілісте «Мәдениет туралы» туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Отырыста депутат қыз алып қашуға қатысты пікір білдірді.

Қызбен келіспей, сөз байласпай, көшеден салып алып әкетеді. Ол тауар емес, адам ғой. Оның тағдырына әсер етеді. Бұл заңның аясында қаралатын нәрсе емес шығар. Бірақ Парламент төрінде қоғамдағы кез келген мәселе талқылануы керекттігін президент айтты. Жігіттерді түсінбеймін: қыз құлағымен, жігіт көзімен сүйеді. Қыздың көңілін таба алмайтын жігіт – не қылған жігіт ол? Көшеге барып, қызды бүктеп салып алу деген не? Біз дамыған қоғамда, жетілген қоғамда өмір сүрсек, мәдениетті жағдайға әкелу керек. Басқа ұлттың біреуі олай жасамайды. Жасап жүрген өзіміз. Еуропада, Ресейде оны естідіңіз бе? Үш қызым бар. Бәрінің алдынан өтіп, сөз байласып, құда түсіп алғанды бәріміз жақсы көреміз. Ал бұл қоғамдағы үлкен дерт, – дейді Еділ Жаңбыршин.

Ол қызды ұрлағандар қылмыстық жауапкершілікке тарту керектігін айтты. Не себепті кейбір мемлекеттік органдар оған қарсы болып жүргенін түсінбейтінін айтты.

Яғни, олар қолдап отыр. Балабақшадан бастап санаға сіңіреді. Қызды сыйлау, құрметтеу керек. Ол болашақ ана. Егер оны қорғамасақ, мемлекеттің болашағы да жоқ. Бүл күлетін, ойыншық емес. Мемлекеттің қауіпсіздігі болу керек. Қазақ қазақ болып отырғаны сол қыздарды, аналарды қорғай алғанынан. Оларды жесір етпей, жетімсіретпеу керек. Ойланатын уақыт келді қазақтың жігіттеріне. Сіздер қор болып жүрген қыздардың қорғаңдар, қорламаңдар, – дейді депутат.

Депутат министрліктерді осы мәселелерге назар аударуға шақырды. 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Кеше, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →