×

Қазақстандықтар енді 10 пайыз жарна салып, ипотекаға дайын үй ала алады

Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі

Қазақстандықтар енді 10 пайыз жарна салып, ипотекаға дайын үй ала алады
Сурет: Qaz365.kz/ B. Karipov

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасының шарты өзгерді. Қазақстандықтар енді 10 пайыз жарна салып, ипотекаға дайын үй ала алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл туралы «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

«Біріншіден, көптеген сатып алушы үйді дайын күйде алуды қалайды. Өйткені жөндеу жұмыстарына шығын көбейіп кетеді. Сондықтан банк Тұрғын үй құрылыс компанияларының қауымдастығымен бірқатар кездесу өткізді. Олар порталға пәтерлерді дайын күйінде қояды, сатып алушылар порталдағы пәтердің (бастапқы жарнаның) 10% салу арқылы (сатып алуға) келісім береді. Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі. Екіншіден, бағдарламаға қатысушы үшін салымшыда депозитте 1 млн теңге болуға тиіс. Конкурста жеңген салымшы аз уақыт ішінде пәтердің 20%-ын салуға тиіс. Қазір 2,5 мыңнан астам өтініштің 39%-ында ғана 20% болатын жарна бар. Сондықтан 2025 жылы бағдарламаға қатысушылардың депозитін 2 млн теңге болуын ұсынамыз. Бұл бағдарламаны іске асыруды тездетеді», –  деді Ләззат Ибрагимова.

Ол бұл шешімді азаматтардың үй алуын жеңілдету үшін жасалып жатыр дейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Бүгін, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →