×

"Жолаушы жауапты". Air Astana Түркияда екі күн транзиттік аймақта қалып қойған баланың өзін кінәлі етті

"Жолаушы жауапты". Air Astana Түркияда екі күн транзиттік аймақта қалып қойған баланың өзін кінәлі етті
Фото: pixabay.com

Бүгін 10 жастағы қазақстандық Air Astana әуекомпаниясының кесірінен  Түркияда қалып қойды деген ақпарат тарады. Осыған қатысты компанияның баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларды тасымалдаудың халықаралық нормаларын қатаң сақтайды. Балаларды алып жүру қызметі заңды өкілден баланы қабылдауды, ұшу кезінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және ұшып келген кезде заңды өкілге беруді қамтиды. Бұл ретте құжаттар мен жеке заттар үшін жолаушының өзі жауапты.БАҚ-та жарияланған оқиғаға байланысты әуекомпания Анталия әуежайындағы төлқұжат бақылауында бір топ балалармен жүрген баланың төлқұжатының жоқ болғаны анықталған. Рейске ресімдеу кезінде құжат жолаушыда болған,  бұл бейнежазбамен расталады. Әуекомпания қызметкерлері төлқұжатты өз бетімен іздеп көрді, алайда құжат табылмады. Әуекомпания ҚР консулдығын болған оқиға туралы жедел хабардар етті,- делінген хабарламада.

Компания депортациялау туралы шешімді қабылдаушы елдің көші-қон қызметі қабылдайтынын, баланы ұстау шарттарын Түркияның көші-қон қызметі белгілейтінін айтып отыр. 

Өз тарапынан әуекомпания баланы үш реттік тамақпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етті және жағдайды тез арада шешу үшін ҚР консулдығымен және Түркияның көші-қон қызметімен тұрақты байланыста болды.Бұл жағдайда әуекомпания көші-қон қызметінің ұйғарымын орындауға міндетті және ол орындалды: бала Қазақстанға жақын арада тікелей рейспен қайтарылды. Бұл үшін ережеге сәйкес оның кері билеті пайдаланылды. 25 желтоқсанда, екі күннен кейін, бала жаңа билет бойынша алып жүрушісі жоқ жолаушы ретінде Түркияға қайтадан ұшып кетті, – делінген хабарламада. 

Белгілі қазақстандық адвокат Данильхан Шағатаев кішкентай қазақстандық Түркия әуежайында екі күн бойы жалғыз қалуға мәжбүр болған оқиға туралы айтқан еді. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Соққы жасалғанын сездік. Ұшақ апатынан тірі қалған бортсерік барлығын айтып берді
Кеше, 19:56

Соққы жасалғанын сездік. Ұшақ апатынан тірі қалған бортсерік барлығын айтып берді

Көзімді ашып, қайда екенімді сұрағанымда, маған Ақтауда екенімді айтты
Жыл соңына дейін қалада қосымша 5 медициналық мекеме жұмысын бастау жоспарлануда
Жаңа өзгеріс – мемлекеттік балабақша арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған
Енді алдағы екі жылда облыс орталығын дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →