×

Алматылық Гауһар Өмірзақова пара пауэрлифтингтен Азия-Океания чемпионатының күміс жүлде иеленді

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, байрақты бәсекеге 23 елден 250-ден астам үздік спортшы қатысты

Алматылық Гауһар Өмірзақова пара пауэрлифтингтен Азия-Океания чемпионатының күміс жүлде иеленді

Пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасы Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия-Океания ашық чемпионатын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, байрақты бәсекеге 23 елден 250-ден астам үздік спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 45 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Өзбекстан мен Қытайдан кейін үшінші орынға тұрақтады.

Алматылық спортшылар халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғады. Гауһар Өмірзақова өз салмақ дәрежесінде жалпы нәтиже бойынша күміс медаль иеленіп, жеке есепте 4-орын алды.

Сонымен қатар, тағы бір алматылық спортшы Баққожа Жақсылық жеке есепте де, жаттығулар қосындысы бойынша да 5-орын иеленіп, үздік бестікке енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →