×

«Қоңыратпын». Тоқаев анголалық студентпен қазақша сөйлесті

Өз кезегінде Президент Анголаның Луанда қаласында бір мәрте болғанын айтып қалды

«Қоңыратпын». Тоқаев анголалық студентпен қазақша сөйлесті
коллаж Qaz365.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы облысына жасаған іс-сапары кезінде Сүлеймен Демирел атындағы университетінде оқитын Ангола азаматы, университеттің 4-курс студенті Ферейра Элишамен қазақ тілінде сөйлесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сізді көргеніме қуаныштымын. Анголадан келіп оқып жатырмын. Қазір қоңырат болып кеттім», - деді Ферейра Элиша.

Өз кезегінде Президент Анголаның Луанда қаласында бір мәрте болғанын айтып қалды. 
 

«Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істеп жүргенімде бір мәрте Ангола астанасы Луанда қаласына жолым түскен», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды
Университет ректоры Әлімжан Игенбаевтың айтуынша, мұнда 8500-ден астам студент оқиды. Олардың арасында Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар.  Сонымен қатар оқу ордасында 500-ге жуық профессор жұмыс істейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Бүгін, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →