×

Түркістан облысында 5 айда 20 мыңнан астам нәресте өмірге келген

Бала туу көрсеткіші бойынша елдегі жетекші облыс

Түркістан облысында 5 айда 20 мыңнан астам нәресте өмірге келген
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы республика бойынша бала туу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында 2024 жылдың 5 айында 20 мың 859 нәресте өмірге келген. Оның 136-ы егіздер болса, ал 5-еуі үшем. Ал, 2023 жылдың 1 маусымынан 2024 жылдың 1 маусымына дейін 71 668 нәресте туылған.

Сонымен қатар өңірде фертильді жастағы 476 мың 982 әйел бар. Оның ішінде жүкті әйелдер – 28 мың 366, қауіпті факторлармен қауіп-қатер тобында 12 мың 745, экстрагениталды ауруларымен – 4 мың 348, абсолюттік қарсы көрсеткіштерімен – 164 әйел. Ал, жасөспірімдер жүктілігі 182-ні құрайды.
Бүгінде 2024 жылға экстрокорпаральды ұрықтандыруға 663 квота бөлініп, 5 айда 318 квота игерілген. Жалпы облыста ана мен бала саулығын қорғау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Негізгі міндет дені сау сәбилердің туылуына қолайлы экономикалық жағдай жасау. 

Айта кетсек, былтыр облыста 54 498 сәби дүниеге келген. Оның 643-і – егіз, 8-і – үшем. Бұл жөнінен Түркістан өңірі республикада көшбасшылар қатарында тұр. Қазіргі кезде барлық медициналық ұйымда отбасын жоспарлау кабинеттерінің жұмысы жолға қойылған. Кабинеттің негізгі мақсаты – аналар мен сәбилердің денсаулығын нығайту, бала саны мен туу мезгілін дұрыс жоспарлау, контрацепцияның заманауи әдістері арқылы әйелдердің тым ерте, кеш немесе жиі жүкті болуына жол бермеу, асқыну қаупі жоғары жүктілікпен босану санын азайту. Сол арқылы ана өлімі мен нәресте өлімін төмендетуге үлес қосу. Түркістан облысында 177 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде 15 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ тәрбелеуде. Бұл жөнінен Жетісай және Сарыағаш ауданы ең жоғарғы көрсеткішке ие. Сонымен бірге облыста 4661 ана І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды аямай ұрып-соққан
Кеше, 16:13

Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды аямай ұрып-соққан

ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Қазақстанда жұмыс істейтіндердің жартысының жалақысы 150 мың теңгеден аспайды
Күдіктіден QR кодтарымен есірткі сатуға қатысты жұмыс ұсыныстары жазылған 72 парақша табылды
Қазақстан аумағында 13 707 шетел азаматы еңбек етеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →