Жаңа тариф енгізіледі
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап қымбаттайды. Қазір баға 90 теңге болып тұр, оған 20 теңге қосылып, 110 теңге болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, автобуста жүру құны 90 теңге болып 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленді.
Айта кетейік, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурызынан бастап тегін ұйымдастырылған.
Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация өткізу.
Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:
Еске салайық, бұған дейін Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады. Соған сәйкес, Алматыда да жолақысы 120 теңге болды.